08
апрель
2026
Оқушылар арасында терроризмнің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Бүгін, мектеп-лицейімізде оқушылар арасында терроризмнің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға арнайы видеороликтер, слайдтар көрсетіліп, қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары, күдікті жағдайларды дер кезінде хабарлау маңыздылығы түсіндірілді.
Басты мақсат — жастардың санасында бейбітшілік құндылықтарын, қауіпсіз өмір салтын нығайту және кез келген құқықбұзушылыққа жол бермеу.
