«ЗИЯЛЫ ҚАЗАҚ» - ДЕБАТ КЛУБЫ » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
май
2023

«ЗИЯЛЫ ҚАЗАҚ» - ДЕБАТ КЛУБЫ

«Зиялы қазақ» - дебат клубы 2014 жылы қыркүйек айында құрылды. Оқушылардың саяси, экономикалық, мәдени білімдерін арттырып, ораторлық өнерін дамытуға бағытталған ұйым, бүгінде Абай облысы бойынша «Ең үздік» пікірсайыс клубы болып танылды. Интелектуалды дебат клубының жетекшісі Нуримханова Еңлік Семейғазықызының бастамасымен құрылып, мықты пікірсайысшылар тәрбиеленіп шықты. Клубтың ең алғашқы үздіктері Тұрысбкова Бинур мен Абзалбекова Альмира Семей қаласы бойынша 2015-2016 жылы абсолют чемпиондар болып, Алматы қаласында Сүлеймен Демирель атындағы қазақ-түрік университетінде финалист болды. Нәтижесінде Дебат жолындағы жетістіктері үшін Тұрысбекова Бинур   Тұран Университеті ректор грантын ұтып алып, қазіргі таңда пікірсайысшылар мектебін басқарып қызмет атқарады. 2017 жылы Сапарлы Аяжан Нархоз Университетінде «Ең үздік спикер» аталымын жеңіп алды. Құрылғанына аз болса да , бірден қала бойынша чемпиондар шыққан дебат клубы  2021 жылы Семей қаласының Әкімі кубогын Нығыметханова Жайдары мен Кенжеғалиева Шырын жеңіп алса, 2022 жылы  Абай облысы әкімінің кубогын Бақытова Айым мен Бақаш Асель иеленді. Бақытова Айым 2023 жылы 15-16 ақпанда Республикалық Ұлттық Турнирге қатысып, үздік сегіздіктен көрінді. Үздік спикерлер мен чемпиондар дайындап шыққан «Зиялы Қазақ» дебат клубының белді мүшелері, қалалық, облыстық турнирлердің жүлдегерлері деп, жоғарыдан бөлек Ерланов Нұрбол,жеңісханқызы  Гүлжан, Байтемирова Диана, Бекишева Айым Кидырмина Айым, Мерамгалиева Наргиз, Бақаш Анель сынды спикерледі атауға болаы. Қазақтың саналы, зиялы келешек ұрпақтарын тәрбиелеп жатқан мектебіміздегі пікірсайыс ұйымының алар асулары мен ірі жеңістері көп болары анық.