МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ

Отынбаева Дидар Кабдулмуратовна – 2014 жылдан бері №22 мектеп-лицейінің аға тәлімгері. Мектеп оқушыларының өзін -өзі басқару ұйымы жұмысын ұйымдастырушы. Педагог-модератор. Оқушылардың мектептегі уақытын тиімді әрі қызықты өтуіне ат салысушы.
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы 8 бағыт бойынша 6 клубқа бөлініп жұмыс атқарады. Әр клубтың төрайымдары және атқарушы белсенді топтары бірлесіп жұмыс жасайды. Мектеп Парламентінің мақсаты - құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу, өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық дағдыларын, ұйымдастырушылық қасиеттерін қалыптастыру болса, міндеті - балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі мен өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ білім алушылардың туындайтын мәселелерін өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау, әрбір оқушыны мектептің қоғамдық өміріне тарту, оң көзқарастарын қалыптастырып, одан әрі дамыту.
Ұйым жетістіктері: Қалалық білім бөлімінің арнайы ұйымдастыруымен өткен «Біз Дарынбыз» байқауы 2021 жылғы – «Бас жүлде», «Атамекен» патриоттық әндер байқауы 2020 жылда І, ІІІ орын, «Тәлімгер және оның командасы» ІІ орын 2022 жыл, Қала мектептері бойынша «Ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» 2021 жылда «Бас жүлде», Қала мектептері бойынша «Ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» 2022 жыл І орын иеленді.
№22 мектеп-лицейі парламентінің көшбасшылық құрамы:
Мұратова Инабат –Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті.
Бақаш Анель – «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы қызметін атқарушы.
Жеңісханова Айзере –вице-президент
Ерікқызы Альмира - «Дарын» клубы төрайымы
Аманжол Айша – «Информация және баспасөз» клубы төрайымы
Уватхан Айнұр – «Информация және баспасөз» клубы белсенді мүшесі
Қоңырғазы Ақпейл – «Шипагер» клубының төрайымы
Булатова Алтынай – «Шипагер» клубының белсенді мүшесі
Сәрсенова Гүлім – «Тәлімгер» клубының төрайымы
Жұртыбекова Мөлдір «Білімпаз» клубының белсенді мүшесі
Қаирбек Мадина – «Білімпаз» клубының төрайымы
Шаймарданова Раушан – «Білімпаз» клубының белсенді мүшесі