Мектеп-лицей педагог-психологтары: Кажидинова Салтанат Мамырхановна, Рахметоллина Марал Қарифоллақызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
03
сентябрь
2024

Мектеп-лицей педагог-психологтары: Кажидинова Салтанат Мамырхановна, Рахметоллина Марал Қарифоллақызы

 

Мектеп үшін психологиялық қызмет жұмысының мәні ерекше, әсіресе мемелекетіміздің күш қуаты дамыған заманда бала ерекшеліктеріне мән беру, дарындылығына жол ашу, дамыту, ой – өрісті өркендету кезеңі болмақ. Психологиялық қызметті  жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде, өзін – өзі таныған адам ретінде биікке көтеріле алатын, өз ұлтының қадір – қасиетін сақтай да, ұстана білетін,  өз жетістігін және кемшілігін білетін, өз жұмысын жан – жақты талдау жасай білетін, жұмыс жасау қабілеті жоғары, табандылық, ойлылық, тапқырлық қасиеттері   қалыптасады.

Мектептегі психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.

Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім — оқушы, оқушы -оқушы, оқушы — басшы, басшы — мұғалім арасындағы іс-әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс-шараларды реттеп, тиімді қарым – қатынас жасауына бағыттай алады.

Ұстаздар қауымына, ата-аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік — жігер мен қажыр — қайратын шыңдай түсуге бейімдейді.

Мектепте психологиялық қызмет 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

  • Психологиялық диагностика
     Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толлық мүмкіндіктерін ашу.
  • Психологиялық алдын-алу шаралары
     Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу шараларын ұйымдастыру.
  • Психологиялық теңестірулер мен түзетулер, дамыту шаралары
     Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуындағы кездескен келеңсіздіктерді теңестіру, түзету жұмыстары, жалпы оқу дағдысы мен біліктілік деңгейін арттыру.
  • Психологиялық кеңес беру шаралары
     Мақсаты: Педагогкикалық үрдіске қатынасушылардың барлығына дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру.
  • Психологиялық ағарту шаралары
     Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың психологиялық мәдениетін көтеріп, психологиялық білімге жұмылдыру шаралар ұйымдастыру.

Оқушылармен өткізілген түзету-дамыту жұмыстары