08
апрель
2025
08.04.2025 ж Тренинг тақырыбы: «Стресспен қалай күресуге болады?»




Мақсаты: Оқушылардың ЕНТ – ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру,оқу-танымдық қабілеттерін арттыру, стрестен арылу жолдарын үйрету.
Тренингке қатысушылар: 11 сынып оқушылары
11 сынып оқушыларға арналған «Стресспен қалай күресуге болады?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Школьникам тренингтін басында стресс деңгейін анықтау үшін тест өткізіліп, оларға шешімі дері айтылды. Осыған сүйене отырып «Шынымды айтсам» аяқталмаған сөйлем жаттығуы өткізілді. Стресс кезіндегі сенімді мінез – құлықты қалыптастыру мақсатында «Жарайсың» жаттығуы өткізілді. Яғни оқушылар өздерін мақтау керек болатын, біреуіне қиын болса, кейбіреулеріне жеңіл болған жаттығу. Содан кейін стрестен арылу жолдарын слайд арқылы көрсетіп, тыныс алу гимнастикасы өткізілді. Рефлексия бөлімінде түлектеріміз майшам әдісі арқылы бір -біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты. Тренинг соңында «Стреске қарсы әдістер. 9 профилактикалық ереже. Психологиялық кеңес» жадынама таратылды.
