Сүлейменова Мара Хасенгазыевна

1952 жылы 1 тамызда дүниеге келген. “Абай” атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Қыздар педагогика институтына оқуға түсті.
1973 жылы физика-математика факультетін бітіріп, диплом алды.
Өз мамандығы бойынша еңбек жолын Үржар ауданындағы В.Чапаев атындағы мектепте бастады. 1988-2012 жылдар аралығында осы №22 мектепте қызмет атқарды. Осы жылдарда оқушыларды физика пәнін сүюге, оқуға, ғылымға, еңбекке тәрбиеледі.
Оқушылары аудандық, қалалық олимпиадаларда жүлдеге ие болды. Қалалық, аудандық көлемде ашық сабақтар өткізіп, өзінің іс-тәжірибесін таратты. М.Х.Сүлейменованың еңбектері баспа беттерінде жарияланды. «Физика есептер жинағы», «Физика сабағын оқытудың тиімді жолдары» атты әдістемелік құралдар жазды. Халықаралық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Физика пәнін таңдаған мектеп оқушылары бүгінгі таңда еліміздің түрлі ғылыми-техникалық салаларда қызмет істеп жүр.
Тәжірибелі ұстаз М.Х.Сүлейменова қалалық, облыстық, республикалық дипломдармен, мақтау қағаздармен марапатталды.
Аяулы ұстаз М.Х.Сүлейменова - жоғары санатты физика пәні мұғалімі қазіргі таңда зейнеткерлікке шығып, бала-шағасының ортасында демалыста.
