05.11.25 ж. мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Шәкәрім университеті»
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын айқындау, логистика және көлік саласына деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беру болды. Олимпиада барысында қатысушылар көлік жүйелерінің дамуы, логистикалық процестерді ұйымдастыру және заманауи инновациялық шешімдер туралы білімдерін сынады. Мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.