Информация » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
02 желтоқсан 2025 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Innovative College”мекемесінің ұйымдастыруымен өткен “Құқық саласы бойынша қылмыстық сот процесі”сахналық қойылымын тамашалады.
02
декабрь
2025
02 желтоқсан 2025 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Innovative
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға құқық саласының маңыздылығын түсіндіру, заң мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру, қылмыстық процестің қалай өтетінін тәжірибелік түрде көрсету болды. Сахналық қойылым барысында оқушылар: * қылмыстық істің тергелу кезеңдерін; * прокурор, адвокат, тергеуші, судья сынды құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлін; * сот процесінің негізгі тәртіптері мен талаптарын; * заң алдындағы жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін жан-жақты көріп, түсінді.
11-сынып оқушыларына “Өзіне деген сенімділік - өмірдегі табыстың кілті” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
01
декабрь
2025
11-сынып оқушыларына “Өзіне деген сенімділік - өмірдегі табыстың
Тренингтің мақсаты — қатысушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттырып, ішкі сенімділікті дамытуға, өз ойын ашық жеткізуге және қиын жағдаяттарда сенімді әрекет етуге қажетті дағдыларды қалыптастыру.  Педагог-психолог: Рахметоллина М.Қ
Тәрбие сағаты
01
декабрь
2025
Тәрбие сағаты
01.12.2025ж.  8 «А» сыныбында  «Бірлік және ынтымақ айы» құндылық негізінде  «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: қоғамдық мүлік деген не екенін түсінеді; қоғамға ортақ заттардың мысалдарын атайды (мектеп мүлкі, аялдама, ойын алаңы, кітапхана кітаптары); оларды қорғаудың маңызды екенін түсінеді; қарапайым жағдаяттар арқылы дұрыс әрекетті таңдайды. 10 минуттық «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет» қауіпсіздік сабағында интернетте пайдалы мазмұнды
«Abai First Regional 2025»
01
декабрь
2025
«Abai First Regional 2025»
«Abai First Regional 2025» жаңа маусымында – қатысушылар өткен тарихтың жәдігерлерін зерттеп, робототехника арқылы инновациялық шешімдерді бабалар мұрасымен байланыстырады. Командалар ғылым мен инженерияны біріктіріп, шынайы өмірдегі күрделі мәселелерді шешуге талпыну мақсатында  мектебіміздің  ALASH командасы қатысып ерекше нәтиже көрсетіп «ROBOT PERFOMANCE AWARD WINNER» атағына ие болды Жетекшілері: Г.С.Тайтулеуова Г.Ә.Арыстанова
Мектебімізде 26-28.11.25 күндері аралығында 11-сынып оқушылары арасында ЕНТ-ға дайындық мақсатында кезекті сынама тест ұйымдастырылды.
28
ноябрь
2025
Мектебімізде 26-28.11.25 күндері аралығында 11-сынып оқушылары
 Сынама тесттің негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәндер бойынша әлсіз тұстарын айқындау, тест стратегияларын меңгерту және алдағы негізгі ЕНТ-ға психологиялық әрі академиялық дайындықты күшейту болды. Сынама тестке 11-сыныптың барлық оқушылары толық қатысты. Барлық оқушылардың қатысуы – олардың жауапкершілікпен қарағандығын және алдағы ЕНТ-ға деген дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.