27
февраль
2025
Тренинг тақырыбы: «Өзіңе сенімділік – жетістің кілті»




Мақсаты: Стресс пен мазасыздықты азайту. Өз қабілеттеріне дегенсенімділікті дамыту. Өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқарудағдыларын қалыптастыру. Позитивті ойлау мен мотивацияны қолдау.
Өткізілген уақыты: 27.02.2025ж
Қатысушылар: 15 жастағы оқушылары
2025 жылдың ақпанқараша айының 27-і күні «Өзіңе сенімділік – жетістің кілті» тақырыбында 15 жастағы оқушыларына психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар "Фото-көрме" жаттығуын орындады. Сонымен қатар қағаздан өз қолдарымен қиылған адам бейнесіне өз мақсаттарын, жетістіктерін, өз бойындағы ұнайтын-ұнамайтын қасиеттерін жазды. Обратная связь кезінде өзі туралы жазу оңай болғанын, мақсатқа жету үшін көп еңбектеніп, күш-жігер жұмсау керектігі туралы айтты. Келесі кезекте «PISA қалай жұмыс істейді?» бейнеролик көрсетілді, оқушыларға жасыл және қызыл стикер таратылып, бейнероликтен алған әсерлерін жазды. Сонымен қатар Стенфорд университетінің психолог профессоры Кэрол Дуэктің сауалнамасы берілді, балалар жалпы ұпайларын санап, қорытындылсын алып, риза болды. Мақсатымызға сүйене отырып, мотивациялық жаттығу орындатылды. Яғни балалар топқа бөлініп, «Табыс» сөзін қалай елестететінін суреттеді. Балалар өз ойларын айтып, жаттығуды қызығушылықпен орындады. Қорытынды бөлімде оқушылар «Бәрі сенің қолыңда» бейнеролигін көріп, елісетіндіктерін айтып аяқтадық.
