Берікбосынова Айтолқын Есентайқызы

Берікбосынова Айтолқын Есентайқызы – физика пәні мұғалімі, магистр, педагог-модератор. Жас ұстаз А.Е.Берікбосынованың оқушылары облыстық «SMART» олимпиадасына қатысып, Абдыхамидов Төлеген 3–орынды, Республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынын Сахи Нұрсұлтан 2–орынды, қалалық «Юниор» олимпиадасынан Ауезова Зере 1–орынды иеленді.
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Іс – әрекетті зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» конференциясында баяндама жасады.
Бірлестікте мұғалімдер арасында үнемі бірлік, сыйластық бар. Жас мамандар әрқашан іс-тәжіибе жинақтауға ұмтылса, тәжірибелі мұғалімдер іс-тәжірибесімен бөлісуге дайын. Әр қашан жаңашылдыққа ұмтылған бірлестік мүшелері жаңа әдіс-тәсілдерді меңгере отырып оқушыларға сапалы, нәтижелі білім беруде. Бірлестік мұғалімдері мектепішілік іс-шараларға, сыныптан тыс жұмыстарға шығармашылдықпен үнемі белсене қатысып отырады.
