29
апрель
2024
Тлекенова Алемгуль Мураткановна

Тлекенова Алемгуль Мураткановна – информатика пәні мұғалімі, магистр, педагог-модератор.
Жас ұстаздың Республикалық «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналында «Қашықтықтан оқыту: жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар» атты мақаласы жарияланды. Информатика пәнінен «Дарын» республикалық орталық ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына 9-сынып оқушысы Әділжаппар Біржан қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Тусіпов Ғибрат, Төлеуғали Әліби 3-орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Дюсенов Айдос «Робототехника» бойынша қалалық чемпионатына қатысып, І орынды жеңіп алды.«Менің қиялымдағы робот» атты Республикалық сырттай фотосурет байқауына Төлеуғали Әліби қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.«Bebras – 2020» халықаралық информатика және компьютерлік ойлау ойын-жарысынан Төлеуғали Алинұр ІІІ орын, Дүйсенғазы Айым ІІ орын, Әлібеков Нурали ІІ орынды иеленді.