Ногаева Багжан Макашевна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
08
январь
2025

Ногаева Багжан Макашевна

Ногаева Багжан Макашевна -  қазақ тілі мен әдебиетінің пәнінің мұғалімі, магистр, зерттеуші-педагог. Мектеп-лицейімізде 2005жылдан бастап мұғалім болып қызмет атқарып келеді. Еңбек өтілі 18жыл. 2007-2016 оқу жылдары аралығында қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарды. 2021-2022оқу жылынан бастап жас мамандар бірлестігінің жетекшісі. 2005жылы жас маман болып келгенде білімімен көзге түсіп, алғаш рет қалалық семнарда ашық сабақ беріп өзін білікті маман ретінде танытты. «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік ұстазы -2009» қалалық байқауының 1-орын иегері болды. «Қазақ тілінің үздік мұғалімі-2013» қалалық байқауының жүлдегері. Оқушылары жыл сайын өткізілетін пән олимипадасының қалалық,облыстық кезеңінің жүлдегерлері.  Олар: 2008-2009 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиетінен өткен аймақтық пән олимпидасынан Букашев Жандос 1-орынды иеленді. 2008-2009жылы «Тест тапсырмаларының түрлері» атты әдістемелік құралын жазып шығарып, қалалалық семинарда іс-тәжірибесі таратылды. 2012-2013 оқу жылы Боканова Айгерім республикалық олимпиданың қалалық кезеңінен 3-орынды иеленді. 2013-2014 оқу жылы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен Нәсіпбай Диас 2-орын алды. 2014-2015 оқу жылы Тоқтарбекова Айдана республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 2-орын,  Кожакимова Малика «Шәкәрім шығармаларындағы этнографизмдердің қолданысы» тақырыбында облыстық ғылыми жоба байқауынан 3-орын игерлері атанды. Оқушылары Тлеубеков Әлішер 2013жылы Өскемен қаласында өткен облыстық «Махамбет оқулары» байқауының 2-орын иеленді. Қайырбек Балжан 2019жылы Өскемен қаласында өткен облыстық «Абай оқулары» байқауында 1-орын, Қайырбек Балжан   2020жылы Өскемен қаласында өткен   республикалық пәндік олимпаданың   облыстық кезеңінен 2-орын, 2014жылы Кожакимова Малика «Шәкәрім шығармаларындағы этнографизмдердің қолданысы» тақырыбында облыстық ғылыми жоба байқауынан 3-орын, 2022-2023оқу жылында Мерсалихова Аруна республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 2-орынды иеленді. Халықаралық, республикалық ғылыми конференция, семинарларға қатысып басылым беттерінде 20-ға жуық мақалалары жарық көрген. Оқушылары облыстық пән олипиадаларының, Абай, Махамбет оқуларының  жүлдегерлері.

Облыстық олимпиада, Абай оқулары сайысының жүлдегерлері