Бердикенов Уалихан Муратулы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
23
апрель
2012

Бердикенов Уалихан Муратулы

Уалихан Муратулы –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.

2002 жылы №22 мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде қабылданды.

2004 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2004-2008 оқу жылдары аралығында тәрбие ісі, оқу ісі меңгерушісі лауазымдарын атқарды. 2011 жылы мектеп директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

2012 жылдың 20 ақпанында Семей қаласындағы №4 мектепке директорлық қызметке ауысты. 2002-2012 жылдар аралығында Уалихан Муратулының жеткен жетістіктері мен қол жеткізген нәтижелері көп. 

         Осы жылдар арасында ең алғаш рет мектептегі Абайтану кабинетін ұйымдастырды. «Шабыт» ақындар үйірмесін ашып, қалалық, облыстық, Республикалық сайыстарда талай жеңімпаз шәкірттер дайындады. Атап айтсақ ; Жалғас Зейноллаев (республикаға танымал айтыскер ақын, бүгінде белді журналист), Сайын Жанұзақов (белді кәсіпкер), Бекболатов Болат, Ошақбаева Индира (бүгінде қазақ тілі мұғалім), Заманбекова Салтанат (қазақ тілі мұғалімі), Бөлесова Ажар (қазақ тілі мұғалімі, ғылым жолында) т.б. Ұстаздың жолын қуып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болған шәкірттері бүгінде Республикамыздың әр тарапында абыройлы қызмет атқаруда.

         Сондай-ақ, «Жас талант» үйірмесін жүргізіп, көптеген шәкірттерінің бойындағы өнері мен қабілетін ашты. М.Абай, А.Қайырхан, А.Әбділманова, Ш.Сафин, А.Олжабек, А.Кенжебаев, М.Орынғазиева   сынды үйірменің оқушылары қала, облыс көлеміндегі шығармашылық сайыстарда жүлдегерлер атанды. Қалалық деңгейде М.Мақатаевқа арнап «Өлмес ғұмыр,өлмес жыр»  атты  семинар, «Қазақтың бас ақыны-Абай» атты кеш өткізіп, Республикалық «Абай» журналына шықты. Республикалық  «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық, облыстық кезеңінде Қайырхан Ақтан мен Жұмағазинов Бекзат Мұхтар Шахановтың «Әке үкімі» өлеңі бойынша жасалған сахналық қойылыммен бірінші орынды иеленді.

         Оқушылары қалалық, облыстық пән олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпаздары болды. Заманбекова Салтанат қалалықта І орын, облыстан ІІІ орын, Әділманова Әйгерім ІІІ иеленген. 

         Уалихан Мұратұлының өзі де ұстаз ретінде көптеген кәсіби жетістіктерге жетті. 2005 жылы қалалық «Лучший қазақ тіл ұстазы» сайысында бас жүлдегер атанып, 2006 жылы облыстық «Лучший қазақ тілі мұғалімі» сайысынан да ГРАН-ПРИ иеленді. 2011 жылы «Қазақстанның дарынды балалары мен ұстаздары» атты энциклопедиясына еніп, «Білім саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

         Методика и опыт жөніндегі меңгеруші болып жұмыс атқарған кезеңдерде мектеп ұстаздары мен бірлестіктер көптеген сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектептің «Шағын орталық» бірлестігі қалалық сайыстан, облыстық сайыстан БАС ЖҮЛДЕ алып, Республикалық кезеңінде ІІ орынды иеленді. 

         Жалпы, Уалихан Муратулы осы мектептегі қызмет атқарған жылдарында көптеген игі істердің ұйымдастырушысы бола білді. Қала көлеміндегі Наурыз мерекесін, Жапония мемлекетінен келген ғалымдармен өткен үлкен ғылыми семинарды өткізуге атсалысты.

         Ұжымда сыйлы, беделді ұстаз болды. Бүгінгі таңда басқа мектепте қызмет атқарып жүрген Уалихан Муратулы осы мектепте өзіндік қолтаңбасын қалдырған ұлағатты,  беделді   ұстаз.

         Бүгінгі таңда «№4ЖОББМ» КММ-де аброймен қызмет атқарып жүр. «Білім беру саласының қайраткері», «Лучший педагог» төсбелгілерінің, «Ұстаз» орденінің иегері.