Латипова Жанаргул Каримгажиновна

1996-2017 оқу жылдары №22 жалпы орта білім беретін мектепте география пәнінен сабақ берді. Қазіргі таңда Алматыда №31 мектепте ұстаздық етеді.
«Лучшие люди», «Успешные люди» кітабына жетістіктері жарияланып, «Лучшие люди» төсбелгісімен марапатталған, қалалық «Лучший география пәні мұғалімі», «Лучший сынып жетекші» сайысының жеңімпазы, «Тарих және география пәндерінің ең үздік бейнесабағы» облыстық байқауының жеңімпазы, «Инновациялық педагогикалық идеялар» Республикалық фестивалінің қалалық кезеңінде «Әртүрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің өз қолы....» номинациясы бойынша I орын, «География пәні мұғалімдерінің үздік портфолиосы» сайысынан II орын, Республикалық «Жоғары сыныптағы ең үздік сабақ» сайысының қалалық кезеңінен I орын алды. Оқушылары жылма-жыл қалалық олимпиадалардың және аймақтық «Эрудит», облыстық интеллектуалдық «Тұлпар», «Үркер» конкурстарының, «Болашақ географ-2013», «Географиялық MIХ», «География лабринттерінде» қалалық сайыстарының жеңімпазы. Жанаргүл Кәрімғажықызы – ізденімпаз, абыройлы, ұлағатты ұстаз.
