Материалы за 20.03.2026 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
“Менің ең үздік сценариім” облыстық байқауы
20
март
2026
“Менің ең үздік сценариім” облыстық байқауы
“Абай облысысының білім басқармасы” ММ “Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығы” ҚМҚК ұйымдастыруымен “Менің ең үздік сценариім” облыстық байқауының І орын жүлдегері Сакен Самат Сакенұлы.
«Digital Science Teacher» облыстық шығармашылық байқауы
20
март
2026
«Digital Science Teacher» облыстық шығармашылық байқауы
Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 16 ақпан мен 17 наурыз аралығында физика және география пәні педагогтеріне арналған «Digital Science Teacher» облыстық шығармашылық байқауынан география пәнінен «AR/VR және 3D модельдеу элементтері бар сабақ» номинациясы бойынша I орын – Отарова Динара Айтказыевна.
«Digital Science Teacher» облыстық шығармашылық байқауы
20
март
2026
«Digital Science Teacher» облыстық шығармашылық байқауы
Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 16 ақпан мен 17 наурыз аралығында физика және география пәні педагогтеріне арналған «Digital Science Teacher» облыстық шығармашылық байқауынан Физика пәнінен “Цифрлық әдістемелік ресурс” бағыты бойынша ІІІ орын Берікбосынова Айтолқын Есентайқызы
Жас ұлан әскери спорттық ойынының республикалық финалының облыстық кезеңі
20
март
2026
Жас ұлан әскери спорттық ойынының республикалық финалының облыстық
Жас ұлан әскери спорттық ойынының республикалық финалының обылыстық кезенінде Семей қаласының намысын қорғаған – №22 мектеп-лицей оқушылары! Белтемірге тартылу және автомат жарақтау жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, Әлмұрат Әділ🥇 І орын және Әділбек берік🥈 ІІ орын иеленді. Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі! «Арлан» тобының оқушылары Семей қаласының атынан қатысып, өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Жетекшісі: Жұмашев Әсет Асқарұлы
Облыстық "Адам, жер және ғалам" конкурс
20
март
2026
Облыстық "Адам, жер және ғалам" конкурс
“Абай облысысының білім басқармасы” ММ “Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығы” ҚМҚК ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында “Адам.Жер және Ғалам” конкурсынан “Ғарыш пен астрономия” бағыты бойынша жүлделі 2 орын Үйсінғазина Аружан, Мелатканова Мерей 9 “Б” сынып оқушылары, жетекшісі Серикбаева Бибинур Абдикаримовна 
Қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәндері бірлестігінің бір күндігі
20
март
2026
Қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәндері бірлестігінің бір күндігі
“Елдік рух – мәңгілік құндылық” атты қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәндері бірлестігінің бір күндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шара өтті. Бұл күн мұғалімдердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, рухани дүниесін байытуға бағытталды. Осындай тағылымы мол іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.