АМАНҒАЗЫҚЫЗЫ МӨЛДІР МЕКТЕБІМІЗДІҢ 2009 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕГІ


2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы аталған факультеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік тәмамдаған.
2013-2015 жылдар аралығында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратурада оқып, «6M011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2018-2021 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әдебиеттану» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды бағытындағы диссертациялық кеңесінің 2021 жылғы 23 қазандағы (№5 хаттама) шешімімен «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Еңбек өтілі 2015 жылдан басталған. Ғылым және білім беру саласында қызмет етіп келеді: 2015 жылы еңбек жолын Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің әдіскері ретінде бастаған. 2016-2017 оқу жылында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ филологиясы факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. Гранттық қаржыландыру аясында ғылыми жобаларда қызмет етіп келеді. Атап айтсақ, 2020-2022 жылдарға арналған AP08855981 «Абай шығармаларындағы әлемдік және ұлттық мәдени архетиптер» ғылыми жобасын жүзеге асыратын жұмыс тобының аға ғылыми қызметкері. Аманғазықызы Мөлдір бірқатар марапаттарға ие. Соның ішінде:
2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры М.Ғ.Ескендіровтың Алғыс хатымен марапатталған.
2019 жылы Қазан (Приволжский) федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Еуразиялық гуманитарлық ғылым контекстіндегі татар тіл білімі» атты жыл сайынғы ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Исследование городской прозы в русском и казахском литературоведении» тақырыбында баяндама жасап, Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының директоры Р.Р. Замалетдиновтың сертификатымен марапатталған.
2020 жылы «Үздік ғылыми мақала – 2020» ХХХV Халықаралық ғылыми-зерттеушілік конкурсында «Филологиялық ғылымдар» секциясы бойынша ІІ орынды иеленген. 2020 жылы «Абай шығармаларын оқытудың үздік моделі» атты ЖОО оқытушыларының жалпыұлттық кәсіби байқауында І орынды иеленген. Зерттеу жұмыстары бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, ғылыми жинақтарда, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық журналдарда, халықаралық, республикалық ғылыми конгресс, симпозиум, конференция материалдарының жинақтарында 50-ге жуық еңбегі жарияланған.
Қазіргі таңда Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасында доцент қызметін атқаруда.
