7 “Б” сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
23
май
2026

7 “Б” сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты.


7 “Б” сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты. Экскурсияның мақсаты – оқушыларды әртүрлі халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық тұрмысымен таныстыру, туған өлкенің тарихи-мәдени орындары туралы білімдерін кеңейту болды.

Экскурсия барысында оқушылар қазақ, татар, украин, корей, неміс және басқа да халықтардың дәстүрлі үйлерін тамашалады. Әр ұлттың үй құрылысы, ұлттық бұйымдары мен тұрмыстық заттары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, оқушылар көне жәдігерлерді көріп, түрлі халықтардың өмір салты туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

Оқушылар экскурсиядан жақсы әсер алып, өздерінің білімдерін толықтырды. Табиғаты әсем, тарихи маңызы зор этнопарк балаларға ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. Бұл саяхат достықты, бірлікті және өзге ұлт мәдениетін құрметтеуді түсінуге көмектесті.
Сынып жетекшісі: Алемгуль Мураткановна
@fstravel_semey
#этнопаркустькаменогорск