5-сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
23
май
2026

5-сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты.


Бүгін 5-сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды Қазақстанда өмір сүретін түрлі халықтардың мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен және ұлттық дәстүрлерімен таныстыру болды.

Экскурсия барысында оқушылар грузин, украин, татар, корей, қазақ және басқа да халықтардың дәстүрлі үйлерін көріп, олардың ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Әсіресе ұлттық бұйымдар, көне жәдігерлер мен әр халықтың тұрмыс салты балалардың қызығушылығын арттырды.

Оқушылар саяхаттан ерекше әсер алып, көптеген жаңа мағлұмат білді. Этно парк балаларға достықтың, бірліктің және әр ұлт мәдениетін құрметтеудің маңызын түсінуге көмектесті. Экскурсия өте қызықты әрі танымдық өтті.
Сынып жетекшісі: Айнаш Кенесбековна
#этнопаркустькаменогорск
@fstravel_semey