04
апрель
2026
11-сынып оқушылары Семей медицина университетіне «Ашық есік күніне» барды
Оқушылар академияның тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, оқу процесін өз көздерімен көрді, заманауи зертханаларды аралап, студенттік өмірдің қандай болатынын сезінді. Әсіресе медицина саласына қызығушылығы бар балалар үшін бұл күн ерекше әсер қалдырды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың арманын нақты мақсатқа айналдыруға көмектеседі. Көздерінен қызығушылықты, үмітті және болашаққа деген сенімді көргенде, бұл сапардың бекер өтпегенін түсінесің.
#Семей #МедицинаАкадемиясы #АшықЕсікКүні #11сынып #БолашақДәрігерлер
