11
сентябрь
2025
№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейімізде Ақпараттық бағдарламалық кешен «ITB HUB» Face ID жүйесі енгізілді
Оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есеп жүргізудің ашықтығын арттыру мақсатында «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ-де жаңа цифрлық жоба іске қосылды.
Асханада Face ID жүйесі «ITB Hub» АБК платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе оқушылардың тамақтану кезінде автоматты түрде тіркелуін қамтамасыз етіп, тегін тамақтану есебін толық әрі әділ жүргізуге мүмкіндік береді.
Face ID жүйесін пайдалану тәртібі:
- Әрбір оқушы асханадан тамақтану алдында Face ID құрылғысы арқылы тіркеледі.
- Жүйе автоматты түрде оқушының деректерін табельге енгізеді.
- Тегін тамақтануға арналған есеп пен ақылы тамақтанудың есебі толық қамтылады.
- Жүйеден өтпеген оқушының дерегі тіркелмейді.
Бұл жаңашылдықтың негізгі артықшылықтары:
- Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру;
- Асхананың жұмысын автоматтандыру;
- Есептіліктің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
- Ата-аналарға балалардың мектеп асханасындағы тамақтануына сенімділік беру
