Мектеп-лицей асханасының жұмыс барысы 2020-2021 оқу жылы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
01
июнь
2021

Мектеп-лицей асханасының жұмыс барысы 2020-2021 оқу жылы

Мектеп-лицей асханасының жұмыс барысы

2020-2021 оқу жылы


2020-2021 оқу жылына «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 104 оқушының ата-анасынан өтініш қабылданды. 

Асхана мен буфет жұмысы 9.00-ден 17.00-ге дейінгі уақыт аралығында. 

Мектеп-лицей асханасының тамақтандыру сапасын бақылау мақсатында тамақ тамақтануды ұйымдастыру  жұмысының  жұмыс жоспары,   бракераждық комиссия және тамақтандырудың  сапасына  

мониторинг жүргізу  жөніндегі  комиссия бекітілді. 

Семей қаласы бойынша білім бөлімінің 05. 01. 2021 жылы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты жолдаған хаты негізінде 2021 жылға екі апталық мәзір үлгісі бекітілді. 1 балаға алынған тегін тамақтану құны күніне 341,8 теңгені құрайды.

Ас мәзірін күнделікті жазып бекітіп отырады, арнайы тақтайшаға іліп қояды. Тағамдар мен ет арнайы сертификаты бар мекемелерден алынады. Балаларға берілетін тағамдарды арнайы витаминдендіріледі және арнайы журналға тіркеліп отырады. Асханада 4 адам  жұмыс атқарады.  

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай ай сайын есеп беріліп отырады. Тамақтану кестесіне сәйкес әкімшілік және сынып жетекшілер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Кезекші мұғалімдер тегін тамақтанатын оқушылардың  арнайы ас мәзірі бойынша тамақтануын,  тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін және уақытылы тамақтануын қадағалап отырады. Тегін тамақтанатын оқушылардың  тамақтары ас мәзірі бойынша берілмеген жағдайда   «Асхана жұмысын және тазалығын тексеру журналына» ескерту ретінде  жазылады.   Таңертең медбике тамақтың дәмін көріп, жұмысшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп отырады. 

Мектеп-лицей асханасының тамақтандыру сапасын бақылау мақсатында мұғалімдерге, ата-аналарға арыз-ұсыныстарын жазу үшін шағым кітапшасы қойылған.




Сыныптар бойынша тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны

Жалпы саны

1 сынып

2 сынып

3 сынып

4 сынып

5 сынып

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып

10 сынып

11 сынып

104

8

7

11

8

13

12

14

11

10

6

4

104

34

60

10


Санаттарына байланысты тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны

Санат 

1--4

5--9

10--11 сынып 

Барлығы 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар 

0

3

0

3

Аз қамтылған отбасы шыққан оқушылар

3

18

4

25

Аз қамтылған/көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар

13

11

5

29

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасынан шыққан оқушылар

6

11

0

17

Атаулы әлеуметтік көмек /көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар

12

17

1

30

Жалпы бала саны 

34

60

10

104



Похожие публикации: