

12.05.2025ж. 7 «А» сыныбында жоспарға сәйкес «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында кезекті тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу; оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. «Цифрлық диета» Челленджі: гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер етеді? тақырыбы бойынша 10 минуттық қаіупсізідк сабағында оқушыларға гаджеттерден бас тартудың денсаулық пен әлауқатына әсері туралы айтылды. Осы аптаның дәйексөзі: «Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ» және барлық іс-шаралар «Мамыр – бірлік және ынтымақ айы» құндылығы төңірегінде жүргізіліп іске асырылады.
Сынып жетекшісі: А.А. Габдуллина
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей