
28.04.2025ж. 7 «А» сыныбында «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу. 10 минуттық «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағында оқушыларға төтенше жағдайларда көмекке келетін қызметтер туралы айтылып, төтенше жағдайлар қызметі мен сенім телефондарының нөмірлерін қалай дұрыс пайдалану керектігі жайлы ақпараттар берілід. Аптаның дәйек сөзі: «Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер», құндылық: Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы.
Сынып жетекшісі: А.А. Габдуллина
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей