КІТАПХАНА-МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
22
январь
2024

КІТАПХАНА-МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін  интилигент бола бастадым деп санауына болады» -деп, Мұхтар Әуезов айтқандай, кітапхана-адамға білім сыйлайтын рухани қазына.  

 №22 мектеп-лицей кітапханасында 1998-2022 жылдар аралығында  кітапханашы Жұманбаева Бану Рахатовна  қызмет еткен. Кітапхана қорында 35972  кітап бар. Оның 27408 данасы-оқулықтар, 8564 данасы-түрлі білім саласы бойынша. Оқушылар сабақтан тыс уақытында кітапханаға келіп, энциклопедия анықтамалықтардан сабаққа, түрлі білім сайыстарына қажетті  мәліметтер   алады. Бос уақытында ұстаздар және оқушылар өз білімдерін жетілдіреді, ғылыми жобаларға қосымша деректерді кітап беттерінен, мерзімді басылымдардан алып қолданады. Оқушылардың  танымын кеңейту, кітапқа сүйіспеншілігін арттыру  мақсатымен оқырман конференцияларын, әдеби кеш, ақпарат сағаттарын өткізеді. 

Оқырмандар жеке кітапханасында  өздері оқып болған, қазіргі  уақытта қажет емес кітаптарын демалыс зоналарында орналасқан  буккроссинг сөрелеріне  қойып, өздеріңе ұнаған кітаптарды алып оқиды. Жыл сайын лицей ұстаздары, оқушылар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсенді қатысып, әдеби кітаптар  сыйлайды. 1994 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі Медетова Жанар Советқалиқызы. 2022 жылдан бастап кітапханашы Радилова Райгүл Солтановна  еңбек етеді.