«Мені өзгерткен кітап...» READx жобасы атты семинар » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
29
февраль
2024

«Мені өзгерткен кітап...» READx жобасы атты семинар








29 ақпан күні №22 мектеп-лицей кітапханасында READx жобасы аясында «Мені  өзгерткен кітап...» атты мектеп кітапханашыларының  қалалық  семинары болды.
Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оку құзыреттілігін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани- адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.
«Семей қалалық білім бөлімі» ММ әдіскері – С.Т.Абдрахманова алғы сөзбен бастады.
«Жаңа кітаптар әлеміне саяхат» көрме ұйымдастырылды. 
«READx жобасы»  
«Оқуға ұмтыл!»
«Будь в тренде,читай!»
«Pursuit of learning»
жобасы аясында оқушылар өздерінің оқыған кітаптары жайлы айтып өтті. 
Қатысқан оқушылар: 
1. Қазбекқызы Аружан
2. Серікқазы Іңкәр
3. Серікбекова Айханым
4. Уразгалиева Мөлдір
5. Қайырбек Мадина
6. Мерсалихова Аруна
7. Ауезова Зере
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын-жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің  атым Қожа» шығармасы бойынша 6 сынып оқушыларымен интеллектуальды  ойын өтті.
«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт»  жобасы аясында «Бір сынып - бір кітап» акциясы  бойынша  «Ертегілер елінде» атты 2-сынып оқушыларымен   сахналық  қойылым жасалды. 
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру және көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыру мақсатында өтті. 
Қалалық семинарға мектеп кітапханашылар белсене қатысып, кері байланыс жасады. Бір-бірімен іс-тәжірибемен алмасып, семинар өз деңгейінде өтті. Барлық кітапханашыларға рахмет айтамыз! 
№22 мектеп-лицейінің кітапханашылары: 
Ж.С. Медетова 
М.С.Нұғыманова