№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің бастауыш сынып бірлестігі
Болашақтаөркениеттідамығанелдерқатарынаенуүшінзаманталабынасайбілімқажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елуелдің қатарында, терезесін теңететін – білім. Сондықтан қазіргі даму беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту.
Бастауыш сынып бірлестігінде 20 ұстаз және 5 мектеп алды даярлық тәрбиешілері қызмет атқарады.
Педагог – зерттеуші -12
Педагог – сарапшы-5
Педагог – модератор-1
І санатты – 1
ІІ санатты – 4
Бей санатты – 2
Жалпы бастауыш сынып мұғалімдері өз оқушыларын қалалық, облыстық пән олимпиадаларына, қалалық, облыстық «Зерде»ғылыми жобаларына қатыстырып республикалық ғылими жоба сайысына жолдама алды, интелектуалдық конкурстар «Малахит», «Ақ бота», «Айналайын», қосымша ән-би сайыстарына қатыстырып шығармашылықтарын шыңдауда.
Өз біліктіліктерін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімдері «Педстрат», «КИО» интелектуалды кокурстар, «Бастауыш сынып мұғалімі» журналы, ғылыми жобаларға қатысуда. Қалалық, облыстық семинарларында басқа мектептермен іс-тәжірибе алмастыруда.
Оразгалиева Алтынай Байнукенована жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 30жыл. Педагог – зерттеуші.Кутанова Асем Оспанбаевна жоғарғы білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 25 жыл.Педагог – зерттеуші. Бастауыш сынып оқушыларының «Іс әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу : білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тәжірибесі» атты халықаралық конференциясына «Деңгейлік тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуға дағдыландыру» жұмысы жарияланды. Диплом, алғыс хат, сертификаттармен марапатталды.
МАДТ тәрбиешілерінің қатысуымен, 2022-2023 оқу жылы тамыз конференциясында Семей қаласының мектептер арасындағы мектеп алды даярлық топтар арасында «Ойын технологиялары арқылы мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін дамыту, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбы бойынша шебер сағатты өтті. Осы тақырыпта Кузетаева З. М. баяндама оқып, іс тәжірибесін растап,Абай облысы Семей қаласының білім бөлімі ұсынған сертификатты иеленді.
Шагамбаева Балжан Карабутаевна жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 26 жыл.Жалпы білім беретін пәндер бойынша Семей қалалық «Зерде» ғылыми жоба байқауына әр оқу жылы сайын оқушы қатыстырып,жүлделі орындарға ие болады.Диплом,алғыс хаттармен марапатталды.
Мухаметхан Жанар Койшановна- білім беру саласында 27 жыл еңбек етіп келе жатқан, кәсіби біліктілігі жоғары, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі, тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі.
2-8 сынып оқушыларына арналған "Балдәурен-2022"ІІІ Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауында Жаратылыстану бағытының жүлдегері 3"А" сынып оқушысы Қайртай Елназ ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі:Мухаметхан Жанар Койшановна құрмет грамотасымен марапатталды.Абай облысы білім басқармасының "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы.2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде"республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде медицина,психология секциясы бойынша 3"А" сынып оқушысы Жанат Балауса ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Республикалық "Бастауыш мектеп" журналына ашық сабағы жарияланды.
Мамырбекова Анаргул Сериказиновнажоғарғы білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 20 жыл.Педагог – зерттеуші,магистр. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналда «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау» мақаласы жарияланды. Сонымен қатар Дамина, Айлана, Айару, Алуа, Кәусар оқушыларының өлеңдері мен шығармалары жарық көрді.Алғыс хат, сертификатпен марапатталды.
Жунусбекова Бибигул Олжабековна жоғарғы білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 23 жыл.Педагог-зерттеуші.
Абай облысы білім басқармасының "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы.2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде"республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде этономәдениеттану секциясы бойынша 4"Ә" сынып оқушылары Рахманғали Айханша,Қайырова Сағыныш І орынға ие болып, дипломмен марапатталды.Жетекшісі: Жунусбекова Бибигул Олжабековна құрмет грамотасымен марапатталды. Абай Астана қаласыөткізілетін "Балдаурен-2023 " атты республикалық кезеңге өтіп жолдама берілді.
