Ағылшын тілі бірлестігі » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
27
сентябрь
2024

Ағылшын тілі бірлестігі


«Бүгінгі күн –кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы»,- дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңі-білімді жастардың қолында. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен- күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің   өркендеуі, тұғырының биік болуы да білімге келіп тіреледі. Еліміздің өркендеуінің, тұғырының берік болуының, әлемдік өркениетке жету жолдарының бірден-бір дара жолы –білім жүйесі. Білім жүйесінің ең басты буыны –мектеп. Сол білім жүйесінің ең басты буынның бірі-

60 жылдық тарихы бар №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні бірлестігінің  ұстаздары  жас шәкірттерді тәрбиелеп, болашағына нық қадам басар сапалы біліммен қаруландырып, ұядан ұшыруда атқарып келе жатқан еңбектері ұшан-теңіз. 

Ағылшын тілі пәні бірлестігінде 13 мұғалім жұмыс істейді. 

Зерттеуші ұстаз -6, сарапшы ұстаз-1, модератор-1, педагог-1, бейсанат-4. Бұл ұстаздардың жалпы еңбек өтілі басы 37жылдан басталса, ең жас ұстазымыз 3 ай қызмет атқарады. Шәкіртінің шыққан биігі- ұстаздың жетістігі дегендей ағылшын тілі пән бірлестігіндегі әр ұстаздың өзіндік жетістіктері бар. Қыдырханова Алмагул Амантаевна, Алшынбаева Фарида Газизовна,  Есенгельдинова Кульнар Аубакировна көп жылдық тәжірибесі бар, ұлағатты ұстаздарымыз .


Похожие публикации: