Абай театры » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
18
October
2023

Абай театры

Бүгін, 18.10.2023ж. , 6 «А» сынып оқушылары қаламыздың мәдениет ошағы Абай театрының «Алаш аманаты» қойылымын тамашалады. Қойылымның негізгі кейіпкері, ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, педагог, аудармашы, публицист, қазақтың ақыны, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халқының 20-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен үзінді көріп, алған әсерлері мол болды.
  Балалардың қойылымның негізгі ойын түсіне білгендері қуантарлық:  азаттық таңын көрмесе де ұрпағының болашағын жарқын қылып,тәуелсіздік жалауын көкке самғатты. Тәуелсіздік, жер, білім атты аманаттарды жоғалтпай, алақанымызда сақтап, келешек қаны қазақ ұрпақтарға аманат етіп табысталғанын балалар түсінді.
Сынып жетекшісі: Габдуллина А.А.