ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
05
September
2023

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ







ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Қыркүйек айының бесінші жұлдызы Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні һәм Елімізде тілдер күні болса мектебімізде тілтер шеруі!
Бүгінгі таңда ақжолтай жаңалығымен басталды “Алаш жолымен” халқаралық экспедициясының нәтижесі ақпарат бетеріне жарияланды.
Ұлт ұстазының туған күніне орай облыстық Абай Атындағы Кітапханасында “Алаш” жобасы аясында “Ахмет Байтұрсынұлы һәм төте жазу графикасы” тақырыбында облыстағы кітапханашылар қауымына онлайн лекция оқыдым.
Түстен кейін Семей қаласы №22 мектеп-лицейінде ”Тілдер апталығы” аясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының”Төте жазу графикасы” тақырыбында офлайн лекция өткіздім.
7-Ә сыныбының талапты да талантты , болашақтарынан зор үміт күттіретін оқушыларына Қазақтың ұлттық жазуы, оқылуы һәм жазылуы барысына да аз-кем тоқталып ұлттық идеяның кәусар бұлағын оқушылармның бойларна сәлде болсын сіңіре алғандай болдым.
Қазақ ұлтының әр азаматы жер бетінде ұлт болып сақталып қалғаны үшін ұлттық жазуды енгізген Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына қарыздар!
Әркінің ана тілі өзіне қымбат.
Ахмет Байтұрсынұлы

Ақжол Қадылбекұлы

№22 мектеп-лицейі
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі