About school » Страница 15 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы.
14
April
2026
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы. 13 жас бойынша: Берікқанов Ердос-калассика 1 орын, рапид 1 орын, блиц 1 орын. 11 жас бойынша: Қапанова Іңкәр-рапид 2 орын, блиц 3 орын. 11 жас бойынша: Сәкен Нұрсұлтан-калссика 3 орын, рапид 3 орын алып Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару»  пікірсайыс алаңы
14
April
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» пікірсайыс алаңы
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады.
8 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
13
April
2026
8 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан
13.04.2026ж. 8 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға ғарыш туралы мағлұмат беру; Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерін таныту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. 10 минуттық қауіпсіздік сабағында оқушыларға «Күмәнді келісімдерден қорғаудың қарапайым қағидалары» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, түсініктеме берілді. Сабақ мақсаты: оқушыларды қарапайым және практикалық қағидалардың
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13
April
2026
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13.04.2026 ж. мектебімізде «Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында жас ұстаздардың шығармашылығы, тың идеялары мен жаңашыл бастамалары көрініс тапты. Апталықтың басты мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби дамуына серпін беру. Алдағы күндері жас мамандарымыз ашық сабақтар, креативті іс-шаралар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. 📚✨ Жас мамандарға сәттілік тілейміз! #ЖасМаман #Апталық #Білім
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы
13
April
2026
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы
📚✨ "10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" ✨📚 Қазіргі заманда уақытты тиімді пайдалану өте маңызды ⏳ Сол себепті біздің мектепте "10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы жүзеге асуда 😊 Кітап оқу – тек білім алу ғана емес, ол ойлау қабілетін дамытады 🧠 Әр 10 минут бізге: 📖 жаңа ақпарат алуға 💡 ой-өрісті кеңейтуге 🗣 сөйлеу мәдениетін жақсартуға көмектеседі Кітап – сенің ең сенімді досың 🤝 Телефонды бір сәтке қоя тұрып 📵, кітап әлеміне саяхат жасайық 🌍✨ Бәріміз бірге оқиық! 📚💙 Жауапты: 6-сыныптар