About school » Страница 12 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
“10 минуттық үзілісте кітап оқимыз” жобасы
21
April
2026
“10 минуттық үзілісте кітап оқимыз” жобасы
📚 “10 минуттық үзілісте кітап оқимыз” ✨ Біздің мектепте ерекше жоба бар 😊 Ол – “10 минуттық үзілісте кітап оқимыз” 📖 Әр үзілісте біз 10 минут кітап оқимыз ⏳ Бұл – өте пайдалы уақыт! Кітап оқу бізге көмектеседі: 📖 жаңа ертегі мен әңгіме білеміз 🧠 ақылды боламыз 🗣 жақсы сөйлеп үйренеміз Кітап – біздің жақсы досымыз 🤝 Ол бізді білімді етеді! Бос уақытыңды кітаппен өткіз! 📚💙 Кітап оқуға бәріңді шақырамыз! 😊 Жауапты:1-сыныптар
Әр үзілісте 10 минут уақытты тиімді пайдаланып, біз кітап әлеміне саяхат жасаймыз
20
April
2026
Әр үзілісте 10 минут уақытты тиімді пайдаланып, біз кітап әлеміне
Әр үзілісте 10 минут уақытты тиімді пайдаланып, біз кітап әлеміне саяхат жасаймыз ⏳📖 Кітап оқу арқылы біз: 📖 жаңа ақпарат пен білім аламыз 🧠 ойлау қабілетімізді дамытамыз 🗣 сөздік қорымызды байытамыз 💡 қиялымыз бен шығармашылығымызды жетілдіреміз Кітап – адамды рухани байытатын ең сенімді дос 🤝 Ол бізді білімге, ізденіске және жақсы әдеттерге жетелейді. Сондықтан бос уақытыңды тиімді пайдаланып, кітап оқуды әдетке айналдыр! 📚✨ Жауапты:6-сыныптар Кітап оқуға бәріңді шақырамыз! 💙
23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектеп кітапханасы мен мектеп парламенті бірлесіп, оқушылар арасында «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас өткізді
20
April
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында «Балалар әдебиеті – рухани
📚 23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектеп кітапханасы мен мектеп парламенті бірлесіп, оқушылар арасында «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас өткізді 📱💬 Іс-шара барысында оқушылар гаджеттердің пайдасы мен зиянын талқылап, рухани дамудың маңызын түсінді 🌿 Өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты ✨ Кітап – рухани байлықтың кілті 📖 Оқуға құштар болайық! ❤️
«23 сәуір -Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай 4-сынып оқушыларымен «Менің сүйікті журналым» атты іс-шара өтті.
20
April
2026
«23 сәуір -Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай 4-сынып оқушыларымен
«23 сәуір -Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай 4-сынып оқушыларымен «Менің сүйікті журналым» атты іс-шара өтті. Оқушылар өздерінің сүйікті журналдарымен бөлісіп,қызықты мәліметтер айтып,оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. #ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; АдалАзамат Ұлттықкітапкүні_Абайоблысы
«Менің ішкі әлемім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
20
April
2026
«Менің ішкі әлемім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
«Менің ішкі әлемім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өз сезімдерін танып, ішкі ойларымен бөлісіп, өзін-өзі тануға бағытталған түрлі жаттығулар орындады. Негізгі мақсаты – оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту, өзін-өзі қабылдауын дамыту және ішкі ресурстарын ашуға қолдау көрсету болды.
Қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында қарым-қатынасқа арналған тренинг ұйымдастырылды.
20
April
2026
Қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында
Қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында қарым-қатынасқа арналған тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында түрлі ойындар мен практикалық тапсырмалар орындалып, оқушылардың бір-бірін түсінуі мен қолдауы нығайтылды.
5 «Ә» сыныбында «DOSBOlike – буллингке қарсылық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
20
April
2026
5 «Ә» сыныбында «DOSBOlike – буллингке қарсылық» тақырыбында тәрбие
20 сәуір күні мектебіміздің 5 «Ә» сыныбында «DOSBOlike – буллингке қарсылық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын машықкер Кабидоллаев Ерасыл өткізді. Сабақ барысында оқушылар буллингтің не екенін түсініп, оның түрлері мен зардаптары туралы пікір алмасты. Достық, сыйластық және бір-біріне қолдау көрсету туралы ойларын білдірді. Іс-шарада түрлі тапсырмалар мен жағдаяттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты. Мақсат – оқушылар арасында құрмет пен қауіпсіз ортаны
17–19 сәуір күндері Абай кітапханасында Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы қала чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
20
April
2026
17–19 сәуір күндері Абай кітапханасында Тоғызқұмалақтан ардагерлер
17–19 сәуір күндері Абай кітапханасында Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы қала чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл сайысқа қаламыздың тәжірибелі, ойы ұшқыр, санасы сергек аға-апаларымыз қатысып, ұлттық ойынға деген шынайы сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жарыс барысында қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, әр жүрісті терең оймен, байсалдылықпен жасады. Осындай бәсекелі додада 70 жас жоғары санатында Таукенов Дарубай аға топ жарып, 1-орынды иеленіп,
Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Финляндия қалай оянды?» кітабы бойынша қалалық эссе байқауы
17
April
2026
Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған
Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Финляндия қалай оянды?» кітабы бойынша қалалық эссе байқауында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. 7 «Б» сынып оқушысы Серікқызы Айша – II орын иегері 7 «Б» сынып оқушысы Сакен Аяла – «Best эссе» номинациясымен және сертификатпен марапатталды. Жас дарындарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісі: Мұратова Аяулым Мұратқызы