About school » Страница 13 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
“Зерделі зейін” жобасы аясында 2026 жылдың 17 сәуір күні қазақ прозасының биік жетістіктерінің иесі Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай, жазушының шығармашылығына арналған әдеби сайыс ұйымдастырылды.
17
April
2026
“Зерделі зейін” жобасы аясында 2026 жылдың 17 сәуір күні қазақ
“Зерделі зейін” жобасы аясында 2026 жылдың 17 сәуір күні қазақ прозасының биік жетістіктерінің иесі Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай, жазушының шығармашылығына арналған әдеби сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік оқушылар марапатталды.
Еркін күрестен КСРО спартакиадасының жеңімпазы
17
April
2026
Еркін күрестен КСРО спартакиадасының жеңімпазы
Еркін күрестен КСРО спартакиадасының жеңімпазы. Қазақ күресінен КСРО спорт шебері Чотчаев Сулейман Яхьяевичтің құрметіне арналған 2014-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен ашық облыстық турнирден 52 кг салмақ дәрежесінде I орын алғаны үшін 6 «А» сынып оқушысы Қабдеш Адай марапатталады🥇🥇🥇 Құттықтаймыз! Сынып жетекшісі: Мұхамедиярова Аружан Дәуренқызы
"Шәкәрім Университеті" КеАҚ Шәкәрім жоғары колледжінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының 9 сыныптары арасында облыстық пәндік  олимпиада
17
April
2026
"Шәкәрім Университеті" КеАҚ Шәкәрім жоғары колледжінің
"Шәкәрім Университеті" КеАҚ Шәкәрім жоғары колледжінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының 9 сыныптары арасында облыстық пәндік математика дан олимпиадаға оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін Тлектесова Сабина грант иегері, Байканова Шарбану 1 орын, жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Аметов Галымжан Азатович марапатталады. Және орыс тілі пәнінен Абайхан Нурай жүлделі 3 орын иеленді, жетекшісі Габдулина Айман Амангалиевна. Барлық жүлдеге ие болған оқушыларды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз"  жобасы
17
April
2026
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы
📚✨ "10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" ✨📚 Біздің сыныпта жақсы дәстүр қалыптасқан 😊 Әр үзілісте біз 10 минут кітап оқимыз 📖 Кітап оқу – білімге бастар жол 🧠 Ол біздің ойлау қабілетімізді дамытып, сөздік қорымызды байытады 💡 10 минут ішінде біз: 🌟 қызықты оқиғалармен танысамыз 🌟 жаңа мәліметтер аламыз 🌟 дұрыс әрі түсініп оқуға үйренеміз Уақытты пайдалы өткізейік ⏳ Кітаппен дос болайық! 📚💙 Жауапты:4-сыныптар
Психологиялық тренинг
17
April
2026
Психологиялық тренинг
Психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқушылармен жоспарға сәйкес арнайы тренингтер ұйымдастырылды. Тренинг барысында тұлғалық даму, өзара қарым-қатынас және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған жаттығулар өткізілді.
“Жас маман-жаңа қадам” атты жас мамандар апталығында 5 сыныптар арасында “Spelling bee “ сайысы ұйымдастырылды.
17
April
2026
“Жас маман-жаңа қадам” атты жас мамандар апталығында 5 сыныптар
“Жас маман-жаңа қадам” атты жас мамандар апталығында 5 сыныптар арасында “Spelling bee “ сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушылардың ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру және тілдік құзіреттілігін дамыту. Сайыстың қорытындысы бойынша: 🥇 орын- Дарханұлы Диас 🥈орын-Асанова Муниса 🥉орын Ерланова Інжу иеленді. Ұйымдастырған: ағылшын тілі пәні мұғалімі Ілиясова Дамира Ғабпасқызы
«Best педагог – 2026» мектепішілік байқауы
17
April
2026
«Best педагог – 2026» мектепішілік байқауы
Мектеп-лицейімізде педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында дәстүрлі «Best педагог – 2026» мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, инновациялық идеялар мен құндылыққа негізделген оқыту үлгілерін қолдау және тарату. Сондай-ақ, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу. Байқаудың міндеттері: • Оқытудың заманауи
Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық «Vatanparvarlar» әскери-спорттық жарысында Қазақстан атынан сынға түсетін оқушымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз.
16
April
2026
Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық
Абай облысының намысын абыроймен қорғауға аттанған жас сарбазымыз — мектебіміздің мақтанышы Әлмұрат Әділге ақ жол тілейміз! Сәуір айының 19–25 күндері аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық «Vatanparvarlar» әскери-спорттық жарысында Қазақстан атынан сынға түсетін оқушымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз. Ел сенімін арқалаған әр қадамың нық болып, көк туымызды биіктен желбіретіп қайтуыңа тілектеспіз! Ақ жол, Әділ! 🇰🇿
«Мен бәрін жасай аламын!» облыстық конкурсында "Жоба" номинациясы бойынша Рахметхан Балжан 3-орын иеленді.
16
April
2026
«Мен бәрін жасай аламын!» облыстық конкурсында "Жоба" номинациясы
«АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ «ДАРЫНДЫЛЫҚ ПЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫ» КМҚК ұйымдастыруымен өткен бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған «Мен бәрін жасай аламын!» облыстық конкурсында "Жоба" номинациясы бойынша Рахметхан Балжан 3-орын иеленді. Жетекші: Шарапиева Лаура Муратбековна Құттықтаймыз!
“Біз орманды қорғаймыз” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы
16
April
2026
“Біз орманды қорғаймыз” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы
🌿 22 мектеп-лицейі “Біз орманды қорғаймыз” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобын қолдайды! Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Орманды қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. 🌳 Бүгін біз қоршаған ортаны сақтауға өз үлесімізді қосып, экологиялық мәдениетті насихаттауға атсалысамыз. Әрқайсымыз кішкентай қадамнан бастасақ, үлкен өзгерістерге қол жеткізе аламыз! 💚 Орманды қорғайық, табиғатты аялау – әрбіріміздің міндетіміз! #БізОрмандыҚорғаймыз #Экология #ТабиғаттыАялау