Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында
Рухани мұра – ұлттың қазынасы! 1- сәуір күні мектебімізде маңызды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында Шәкәрім университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Айман Омарқанқызы Токсамбаева “Ар білімі” тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға адамгершілік, ар-ұят, рухани тазалық ұғымдары терең түсіндіріліп, ұлттық құндылықтардың маңызы айқын көрсетілді. Әсіресе 10-сынып оқушылары белсенділік танытып, өздерін