Материалы за 14.04.2026 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап, пойыздан күтіп алдық.
14
апрель
2026
11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап,
Бүгін ерекше қуанышты күн болды! 🎉 11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап, пойыздан күтіп алдық. 🚆👏 Ернұр – еңбектің, табандылықтың және мақсатқа деген сенімнің жарқын үлгісі. Біз сенің жетістігіңмен мақтанамыз! 🌟 Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете бер! 💫 Саған тек сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз! 11"Ә" сыныбы 💙
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы.
14
апрель
2026
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы. 13 жас бойынша: Берікқанов Ердос-калассика 1 орын, рапид 1 орын, блиц 1 орын. 11 жас бойынша: Қапанова Іңкәр-рапид 2 орын, блиц 3 орын. 11 жас бойынша: Сәкен Нұрсұлтан-калссика 3 орын, рапид 3 орын алып Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару»  пікірсайыс алаңы
14
апрель
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» пікірсайыс алаңы
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады.