«Біз жаңа ортадамыз» тақырыбында мектебімізге жаңадан келген
Тренингтің мақсаты – оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ету, бір-бірімен жақын танысуына жағдай жасау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Тренинг барысында түрлі сергіту жаттығулары, топтық жұмыстар және танысу ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне қолдау көрсетуге үйренді. Әр тапсырма оқушылардың сенімділігін арттырып, ұжымдық бірлікті қалыптастыруға бағытталды.