МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
май
2022

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ

Отынбаева Дидар Кабдулмуратовна – 2014 жылдан бері №22 мектеп-лицейінің аға тәлімгері. Мектеп оқушыларының өзін -өзі басқару ұйымы жұмысын ұйымдастырушы. Педагог-модератор. Оқушылардың мектептегі уақытын тиімді әрі қызықты өтуіне ат салысушы. 

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы 8 бағыт бойынша 6 клубқа бөлініп жұмыс атқарады. Әр клубтың төрайымдары және атқарушы белсенді топтары бірлесіп жұмыс жасайды. Мектеп Парламентінің мақсаты - құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу, өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық дағдыларын, ұйымдастырушылық қасиеттерін қалыптастыру болса, міндетібалалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі мен өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ білім алушылардың туындайтын мәселелерін өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау, әрбір оқушыны мектептің қоғамдық өміріне тарту, оң көзқарастарын қалыптастырып, одан әрі дамыту.

Ұйым жетістіктері:  Қалалық білім бөлімінің арнайы ұйымдастыруымен өткен «Біз Дарынбыз» байқауы 2021 жылғы – «Бас жүлде», «Атамекен» патриоттық әндер байқауы 2020 жылда І, ІІІ орын, «Тәлімгер және оның командасы» ІІ орын 2022 жыл, Қала мектептері бойынша «Ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» 2021 жылда «Бас жүлде», Қала мектептері бойынша «Ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» 2022 жыл І орын иеленді. 

№22 мектеп-лицейі парламентінің көшбасшылық құрамы:

Мұратова Инабат –Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті. 

Бақаш Анель – «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы қызметін атқарушы.

Жеңісханова Айзере –вице-президент

Ерікқызы Альмира - «Дарын» клубы төрайымы

Аманжол Айша – «Ақпарат және баспасөз» клубы төрайымы

Уватхан Айнұр – «Ақпарат және баспасөз» клубы белсенді мүшесі

Қоңырғазы Ақпейл – «Шипагер» клубының төрайымы

Булатова Алтынай – «Шипагер» клубының белсенді мүшесі

Сәрсенова Гүлім – «Тәлімгер» клубының төрайымы

Жұртыбекова Мөлдір «Білімпаз» клубының белсенді мүшесі

Қаирбек Мадина – «Білімпаз» клубының төрайымы

Шаймарданова Раушан – «Білімпаз» клубының белсенді мүшесі