18
октябрь
2024
Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша ата-аналарға арналған психолог сағаты



Мақсаты. Ата-аналарды жасөспірімдер ортасындағы суицид мәселесімен таныстыру, ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету.
Өткізілген уақыты: 18 қазан 2024 жыл
Тренингке қатысушылар: 5-11 сынып ата-аналары
2024 жылдың қазан айының 18-і күні 5-11 сынып ата-аналарына Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша психолог сағаты өткізілді. Ата-аналарға аутодиструктивті мінез-құлық туралы, соның ішінде суицидтің түрлері туралы, белгілері туралы, себептері туралы айтылып, ақпараттар берілді. Сонымен қатар тақырып жайында бейнеролик көрсетіліп, ата-аналармен талқылап, өз ойларын, сезімдерін айтты.
Бейнероликтен соң, ата-аналарға тақырыпқа сай «Ең қымбат», «Құлып», «Креатив» жаттығулары өткізілді. Рефлексия бөлімінде «Гүл шоғы» жаттығу өткізілді. Кері байланыс ретінде «Еркін микрофон» әдісімен аяқталды.
Қорытынды: Қатысқан ата-аналар қазіргі өзекті мәселенің бірі болғандықтан, берілген мәліметті мұқият тыңдап, жаттығуларды қызығушылықпен, белсенділікпен орындады.
