Тәрбие жұмысы » Страница 5 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Психологиялық тренинг
17
апрель
2026
Психологиялық тренинг
Психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқушылармен жоспарға сәйкес арнайы тренингтер ұйымдастырылды. Тренинг барысында тұлғалық даму, өзара қарым-қатынас және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған жаттығулар өткізілді.
Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық «Vatanparvarlar» әскери-спорттық жарысында Қазақстан атынан сынға түсетін оқушымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз.
16
апрель
2026
Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық
Абай облысының намысын абыроймен қорғауға аттанған жас сарбазымыз — мектебіміздің мақтанышы Әлмұрат Әділге ақ жол тілейміз! Сәуір айының 19–25 күндері аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық «Vatanparvarlar» әскери-спорттық жарысында Қазақстан атынан сынға түсетін оқушымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз. Ел сенімін арқалаған әр қадамың нық болып, көк туымызды биіктен желбіретіп қайтуыңа тілектеспіз! Ақ жол, Әділ! 🇰🇿
“Біз орманды қорғаймыз” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы
16
апрель
2026
“Біз орманды қорғаймыз” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы
🌿 22 мектеп-лицейі “Біз орманды қорғаймыз” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобын қолдайды! Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Орманды қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. 🌳 Бүгін біз қоршаған ортаны сақтауға өз үлесімізді қосып, экологиялық мәдениетті насихаттауға атсалысамыз. Әрқайсымыз кішкентай қадамнан бастасақ, үлкен өзгерістерге қол жеткізе аламыз! 💚 Орманды қорғайық, табиғатты аялау – әрбіріміздің міндетіміз! #БізОрмандыҚорғаймыз #Экология #ТабиғаттыАялау 
Бүгін мектебімізде оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау мақсатында "Lyceum Quiz" атты қызықты сайыс өтті
15
апрель
2026
Бүгін мектебімізде оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау мақсатында
Бүгін мектебімізде оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау мақсатында "Lyceum Quiz" атты қызықты сайыс өтті! 🧠✨ Ойынның негізгі мақсаты — оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, жан-жақты білімдерін тексеру және сынып арасындағы ауызбіршілікті арттыру. Қарсыластар арасындағы тартыс өте қызу әрі қызықты болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз: 🏆 1-орын: 6 "Ә" сыныбы 🥈 2-орын: 6 "А" сыныбы 🥉 3-орын: 5 "А" сыныбы Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Білім биігінен көріне беріңіздер! 🎓🔥 #өзінөзібасқаруұйымы
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті
15
апрель
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады. Арнайы келген құрметті қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы құнды мағлұматтар ұсынды.
Экологиялық мәдениет пен білім беру, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу бағытында 5 модуль бойынша эко-сағат өткізді.
15
апрель
2026
Экологиялық мәдениет пен білім беру, қалдықтарды бөлек жинауды
Тоқанова Ақмарал Маратқызы оқытушы, Сағымхан Жайдар Экологиялық мәдениет пен білім беру, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу бағытында 5 модуль бойынша эко-сағат өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың экологиялық сауаттылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мінез-құлықты өзгертуге дайындықтарын қалыптастыру. Атап айтқанда, саналы тұтыну, қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және экологиялық бастамаларға қатысу дағдыларын
11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап, пойыздан күтіп алдық.
14
апрель
2026
11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап,
Бүгін ерекше қуанышты күн болды! 🎉 11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап, пойыздан күтіп алдық. 🚆👏 Ернұр – еңбектің, табандылықтың және мақсатқа деген сенімнің жарқын үлгісі. Біз сенің жетістігіңмен мақтанамыз! 🌟 Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете бер! 💫 Саған тек сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз! 11"Ә" сыныбы 💙
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы.
14
апрель
2026
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы. 13 жас бойынша: Берікқанов Ердос-калассика 1 орын, рапид 1 орын, блиц 1 орын. 11 жас бойынша: Қапанова Іңкәр-рапид 2 орын, блиц 3 орын. 11 жас бойынша: Сәкен Нұрсұлтан-калссика 3 орын, рапид 3 орын алып Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!