31
май
2011
ДАУЛЕТБЕКОВ АЗАМАТ НУРБЕКҰЛЫ МЕКТЕБІМІЗДІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕГІ

Даулетбеков Азамат Нурбекұлы 1994 жылы 15 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Мектептің 2011 жылғы түлегі. Қазіргі таңда еркін стильдегі қазақстандық балуан, Азия чемпионы (2022), Қазақстанның 5 дүркін чемпионы (2015, 2016, 2017, 2020, 2021).
Азамат Нурбекұлы №22 мектебімізде 1-сыныптан бастап оқыды. Сабақты жақсы оқыған. Азамат мектеп кезінде жан-жақты, көпшіл, тәрбиелі оқушы болды. Спортқа бала кезінен бейімділігін көрсетіп, еңбектеніп жүрді. Мектепті бітіре сала Азамат Республикалық спорттық кұрамаға кірді. Еңбегінің арқасында қазіргі таңдағы жеткен жетістіктері: 2017 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, 2018 жылы Азия чемпионатының қола медалінің иегері, 2022 жылы Ұлан-Батырда Азия чемпионы атанды.
Азамат Нурбекұлы қазіргі таңда спортта, әлі де алатын белестері көп деп сенеміз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Өскемен қаласында «Лучший спортшы-2022» номинациясын алып, салтанатты түрде ШҚО-ның әкімі Даниял Кенжетайұлының қолынан 1 бөлмелі пәтерді сыйлыққа алды. Азаматтың жұбайы, екі баласы бар. Мектеп ұжымы Азаматтай түлекпен әрқашан мақтанады.

