Ашимова Перизат Сұлтановна

Перизат Сұлтановна – бастауыш сынып мұғалімі 1981жылы Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педучилищені аяқтап, Семей облысы Шұбартау ауданы Алғабас орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап Семей қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. «Ұстаз» газетіне бірнеше ашық сабақтары, материалдары шықты. «Бастауыш сынып оқушыларының қозғалысқа берілген есептер шығару моделі», «Қозғалыс графиктері», «Математика сабағында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту» атты әдістемелік көмекші құралдарының авторы. «ПЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсы бойынша мектеп тренері.
Перизат Султановна қызмет атқарған кезде Республикалық «Қазақстан ұстазы», «Педстарт», «Нұрлы болашақ» олимпиадаларының жеңімпазы атанды. «THE FOUPTH INTERNATIONAL SCIENTIFIK-PRAKTIKAL CONFERENCE», «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2019: CENTRAL ASIA» халықаралық конференциясына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. «Педагогикалық шеберлік» керуенінің облыстық педагогикалық сайысының жеңімпазы.
Бастауыш сынып мұғалімі Ф.Қ.Сабырбековамен бірлесіп жазған «Логикалық ойлау – тұлға дамуының кепілі» атты авторлық бағдарламасы мен 1-4 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлері облыстың авторлық сайысында жүлделі орын алып, іс-тәжірибесі облыс көлеміне таратылды. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы бойынша жұмыстары «Білім бой тұмары» атты Республикалық журналында жарияланды.
Еңбегі елеусіз емес. «Білім сапасына қосқан үлесі үшін», «Ыбырай Алтынсарин» медальдарының иегері. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы. Облыстық қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған.
2021-2022 оқу жылында Білім министрі А.Аймағамбетовтің Алғыс хатымен марапатталды.
