Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
25
апрель
2024

Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы

Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы 1978-1982 жылы Өскемен педгогикалық институтын, 1991 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы және 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша білім алған. 

Ұстаздық еңбек жолын 1982 жылы Көкпекті ауданының қазіргі Тассай ауылдық мектебінен бастаған.

1996 жылдан бастап №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

2007-2010 жылдары Алматы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ізденушісі болған.

2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесінде «Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту» тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Жұмажанованың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғап шығып, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алған.

Шығармашылық тақырыбын жетілдіру мақсатындаТүркия мемлекетінің Стамбул университетінде, Мемлекеттік И.Арабаев атындағы Қырғыз лингвистика университетіндеболып, тәжірибесімен алмасқан.

Ұстаз біліктілігін арттыру мақсатында көптеген курстардан өткен. Атап айтқанда:

Түркия университеті оқытушылары ұйымдастырған «Қазіргі білім берудегі инновациялар және педагогикалық аспектілер»,«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, «Педогогтердің цифрлық құзіреттілікті дамыту», Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Педагогикалық неориториканың филологиялық аспектілері», Түркия. Памукалия университетінің «Ескі түрік кезеңдері» (Орхон, Ұйғыр, Қарахан, Хорезм-Қыпшақ) тақырыбында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде қашықтықтан оқу курстары.

Ғалым-ұстаздың «Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту» монографиялық еңбегі, Қазақ әдебиетін оқыту жүйесіне жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне арналған «Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа инновациялық технологиялар арқылы меңгертудің тиімді жолдары»оқу құралы, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу құралы,«Бағалаудың өлшемдік технологиясы» оқу-әдістемелік құралы, «Ж.Аймауытовтың шығармаларының көркемдік ерекшелігін таныту» атты әдістемелік құралдары баспадан шыққан.

Республикалық сайтта https://kopilkaurokov.ru «Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқыту», «Ер тұлға келбеті» сыныптан тыс сабақ, «Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін оқыту» тақырыбындағы сабақтары ұсынылған.

100 ден артық ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми мақалалары Прага, Анкара, Қырғызстан, Ресейде өткізілген халықаралық және республикалықғылыми-тәжірибелік конференцияларда жарияланған.

Шәкірттері қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен үнемі қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар, Республикалық ғылыми жобалар байқауында ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары, «Шәкәрім оқулары»,«Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадаларының жеңімпаздары атанған.

Білім беру үшін жасап жатқан еңбегі бағаланып, ШҚО білім басқармасының Құрмет Грамотасымен, Семей қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен,Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өткен аймақтық пәндік олимпиадада сапалы оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат, қалалық білім бөлімінің оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар байқауына оқушыларды дайындағаны үшін «Ғылым шыңына жетелеуші» номинациясы, облыстық білім басқармасының «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңіне «Жазушылар» бағыты бойынша оқушыны дайындағаны үшін дипломмен, қалалық білім бөлімінің «Жас ақындар» мүшәйрасына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хатпен, қалалық білім бөлімінің оқушыларға сапалы білім берудегі шығармашылық еңбегі үшін Мақтау қағаздарымен, Шәкәрім университетінің ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. 

Еліміздің білім беру саласында қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбилеу ісіне қосып келе жатқан үлесі үшін 2018 жылы «Ы.Алтынсарин» төсебелгісімен марапатталған. 

42 жылдық ұстаздық қызметінің 27 жылын осы мектепте шәкірт тәрбиелеуге арнаған.