Татубаева Сәуле Алдабергеновна

Татубаева Сәуле Алдабергеновна 1959 жылы туылған. Ардагер ұстаз 40 жылдық ұстаздық қызметтің 36 жылын осы мектепте тарих пәнінен сабақ беріп, осы ұстаздық қызмет еткен шақтарында лицей оқушыларын тәуелсіз елдің ата тарихына баулып, патриоттық сезімдерін арттыруға, сапалы білім, саналы тәрбие беруге үлес қосты. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде атқарған жемісті еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы. 2014 жылы Республикалық «Тоғызқұмалақ ойынын жаңа технологиялар арқылы насихаттауда әдістемелік көмек көрсету » атты семинар-мәжіліске қатысып сертикат алды. Тарих пәнінен Мазнарханова Айдана «Банк жүйесінің даму тарихы» тақырыбындағы ғылыми жобасы ІІІ орын, «Қашғар еліне саяхаты», «Қазақ хандығының Еуразия кеңістігіне саяси және мәдени ықпалы» ғылыми конференцияларға қатысқан. Шәкірттері пәндік Республикалық олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінің жүлдегерлері: Мазнарханова Айдана Ғылыми жоба облыстық ІІІ орын, Мамытова Республикалық ІІІ орын. Аймақтық «Semey Star» телевизиялық байқауында 11 сынып оқушысы Г. Мұратханова бас жүлде алды.
Шәкірттерін ғылыми жарыстарға, олимпиадаларға дайындауда сапалы білім мен тәрбие беруде зор үлес қосты.
