Абдуллаев Қинаятолла Нұрахметұлы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
17
январь
2024

Абдуллаев Қинаятолла Нұрахметұлы


1987-1996 оқу жылдары

№7 мектеп-интернатының директоры

Туған   жылы – 1947 жылы 22 наурыз. 1966 жылы Семей облысы Жарма   ауданының «Скотовод» совхозында 10- сыныпты   бітірді. 1966-1970 жылдары Совет армиясының қатарында авиацияда қызмет етті. Армияда Сібір, Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Орталық Ресей, Украина, Белоруссия, Чехославакия, Венгрия жерлерінде қызмет етті.

1970-1975 жылдары аралығында комсомол, кәсіподақ ұйымдарында  хатшы, төраға болып Семей қаласында қызмет етті.

1975 жылы Семей педагогикалық институтының тарих факультетін оқып бітірді.

1975-1987 жылдар аралығында Семей қаласының аң терісі-мех техникумында бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1987-1997 жылдары Алматы теміржолына қарасты Семей қаласындағы №7 қазақ мектеп-интернатында директор болып істеді.

1989 жылы 8 жылдық мектеп-интернатты №73 орта мектеп етіп ұйымдастырды.

1988-1996 жылдары Москва, Алматы, Челябинск қалаларында бүкілодақтық теміржол мектептерінің семинар кеңестеріне қатысып, еңбек тәжірибесімен бөлісті.

1991, 1995 жылдары №73 орта мектептің негізінде «Интернатта тәрбиеленушілердің тәрбие, тұрмыс, оқу әрекеттерін жастары әркелкі топтар негізінде ұйымдастыру», «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» атты Алматы темір жолдары мектептерінің алты облысының семинар-кеңестерін ұйымдастырды.

Мектепте істелген жұмыстардың бағасы ретінде төрт ұстазға тек осы семинарлар қорытындысында «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі» атағы берілді.

«1997 жылы жалпылама  оптимизация кезінде қаладағы екінші ғана қазақ №73 орта мектебін жабу жоспарланды.Сол кезде мектеп мұғалімдері Әрінов Асқарбек Қасабайұлы, Исалина Кәмаш Өмірбайқызы, Тілеуқожанова Бәтима Тілеуқожақызы, мектеп түлегі  Қазақстан халық  әртісі Роза Рымбаева, Алматы теміржолының  бастығы Омаров, облыстық партия  хатшысы Шайжүнісов  Мәркен, қала әкімі Теміров Бекендердің  басын қосып, мектепті қала үшін сақтап қалдым.Сондағы мектепті қызғыштай қорғап отырған мектеп мұғалімдері мен түлегінің атынан дәлелім: «Қаладағы екі - ақ қазақ орта мектебінің біреуін  жапқанда, Республика, облыс, қала деңгейіндегі  қазақ басшылары ретінде қандай опа табасыздар?» дедім. Обалы не, ақылды, зиялы, іскер, білімді адамдар ғой. Содан кейін №73 мектепті жабу әрекеті толық доғарылды. 

Қазір ол - №22 орта мектеп. Бірақ тыныштық, қол қусырып «Ләппай, Тақсыр!» ағымын бұзған мектеп директоры әр бұрыштан, әр сатыдан түртпекке  ұшырай бастады. Сондықтан Алматы теміржолының оқу бөлімі алдындағы   беделімді пайдаланып, 1997жылдың   август айында сол кезде пенсияға шыққан №64 орыс мектебінің директорының жұмысына ауысып алдым. Сол жерде 15 жыл істедім. 1997жылдың аяғында  «Сорос» фондының  грантын облыста  бірінші болып жеңіп алдық. Балаларды ерікті еркін топ ұйымдастыруға үйреттік, газет шығардық, ата - аналармен бірігіп спорт, ойын-сауық, саясат сайыстарын ұйымдастырып, мектепті мөлтек ауданының ортағына айналдыру әрекетін жасадық. Республикада бірінші болып «Ата-аналар ассоциасын» құрып, мектептің барлық шаруашылық, жөндеп-жаңарту, үгіт - насихатқа арналған шығындарын ата-аналар қоры көтеріп алды.

Осындай жұмыстар ескеріліп, 1998-2000 жылдары Венгрияда (Будапештте) АҚШ-та Висконсин (Мәдисон) қалаларында халықаралық  семинарларға шақырумен қатысып, пікір алмасып, тәжірибе бөлістім. Бүкіл облыс болып Жақиянов кезінде оқу жылын шыжып тұрған августа бастап, балаларды мектепке кіргізе алмағанда мен ғана қарсы болып мемлекеттік оқу заңын орындап, тек 1 қыркүйекте  оқу жылын бастатып, жүйелі оқу жұмысын ұйымдастырған жалғыз директор  мен ғана болдым». Орынсыз «жаңалық» деп аталатын шоқалақ өзгерістер, бозөкпе «инновациялар» сол кездегі болса да, қазіргі салмақты, байсалды, орнықты оқу үрдісін бұзады. Главная «жаңалықтар» санымен емес, көрсеткен үлгі, саналы тәртіп, шәкірттерге, ортаға, қоғамға келтірген  пайдамен, саладағы жайдары көңілмен, заңдылықпен, адамгершілікпен құнды.

Көрсеқызар, мәнсапшыл, шала білімді, парақор, шала-пұлаларға  оқу, оқыту саласында, жалпы қоғамда жол бермеген  абзал. Қазір солай деп айта аламыз ба?