2023 жылғы 17 қыркүйекте Семей қаласының «Қала күні» мерекесіне орай өткізілген «Туған қалам-Семейім» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Ихтисат Шыңғыс. Пән мұғалімі: Тлебалдина Н.К Құттықтаймыз!👏
"AQ SUIEK" санатында Абай облысы бойынша "KazRoboSport-2023" іріктеу кезеңі барысында №22 ЖОББМЛ оқушылары Сапаралы Азат, Қабыкенов Әділжан І орын алып, республикаға жолдама алды. Жетекші мұғалімдер: Тусупханов А.К., Тлекенова А.М.
Alikhan Bokeikhan University университетінде 3D-модельдеу бойынша аймақтық чемпионат өтті. Мұсаұлы Ясин, Иксанов Ескендір, Арыстанбеков Даулетжан атты оқушылар қатысып, сертификаттарға ие болды. Жетекші мұғалімдер: Омарова А.Н., Тлекенова А.М.
WRO - 2023 RoboMission робототехникадан облыстық олимпиадасында «Elementary» категориясы бойынша Сапаралы Азат мен Қабыкенов Әділжан 1-орын, «Junior» категориясы бойынша Ағыбаев Әли мен Адилбек Султан 2-орын иеленді. Жетекші мұғалімдер: Тайтулеуова Г.С. Тусупханова А.К.
Абай облысы Семей қаласында экономикалық лицейінде өткен салтанатты Жас дарындарды марапаттау "Жулдыздар шеруі" өтті. Шеруге спорт және мәдениет жүлдегерлері қатысты. №22 ЖОББМ қатысқан оқушылар саны 12 бала. Құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻
Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Көңіліме ән ұнады» номинациясы бойынша 9 «Г» сынып оқушысы Маратбек Аружан І дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі Нағима Қауысқызы Құттықтаймыз!
Қалалық "Zerek" математика, логика пәндері бойынша 3"А" сынып оқушыларын құттықтаймыз! Тұрысбек Шерхан 2 орын Мырзағалиева Еркенұр 2 орын Төлеужанов Алпамыс 2орын Ғалым Жібек 3 орын Маратбек Айсұлтан 3 орын Оразхан Ұлжан 3 орын Жақыпбек Мейірім 3 орын