ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС
«Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері»,-дегендей ел болашағының кілті- жас ұрпаққа білім мен ізгілік нұрын себуші мамандығын жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан, жас мамандар тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалайды. Мектеп-лицейімізде жас мамандар бірлестігі жұмыс жасайды.
Жас мамандар бірлестігінің жетекшісі тәжірибелі ұстаз, магистр, зерттеуші-педагог Ноғаева Бағжан Мақашқызы. Жас мамандарды оқу-тәрбие жұмысына баулу, қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасап, қолдау көрсету мақсатында мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшісі бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді. Жас мамандарға арнайы семинар, тренингтер өткізіліп отырады. Жыл соңында жас мамандардың жұмысын қорытындылау мақсатында «Лучший жас маман» байқауы өткізіліп отырады.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманын, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп ақын Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсетіп жүрген мектеп-лицейміздің жас мамандары.
Бірлестік жетекшісі Бағжан Мақашқызы жас мамандарды бірлікте ұйымдастырып, отырыстар өткізіп үнемі бағыт-бағдар беріп, жетістікке ұмтылуға жетелейді.Әрбір оқушыны жан дүниесімен жақсы көріп, ұстаздық жолында сүйіспеншілікпен жұмыс жасайық деген сөзді жиі айтады.

Қала, облыс көлемінде өткізілген жас мамандарға арналған сайыстарға,семинарларға лицейіміздің жас мамандары белсенділікпен қатысып,жүлделі орындарды иеленді. Жас мамандарға кеңес беру, үйрету, қолдау мақсатында семинарлар,ашық сабақтар ұйымдастырылып отырады.
Ағылшын тілі мұғалімдері Амина қалалық жас мамандар форумына қатысып 3-орынды иеленсе, Мейрамбекова Дилназ Дастанқызы «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының қалалық кезеңінен ІІ орынды иеленді. Оқушылары ағылшын тілі пәнінен өткізілген«Әлихан Бөкейхан атындағы ұлттық білім» сайыстарының облыстық кезеңінде І орын, республикалық кезеңінен 2 оқушы І орынды иеленген.

Жас мамандар мектепің тәрбие жұмыстарына белсене араласады

ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПІШІЛК СЕМИНАР
