Хабарлама » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
01
март
2023

Хабарлама

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бала күтіміне байланысты демалыстағы  орынға 8 сағат апталық жүктемемменконкурс жариялайды


Конкурс жарияланған лауазым атауы:Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бала күтіміне байланысты демалыстағы  орын қызметіне. 8 сағаттық апталық жүктемемен.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:индекс 071411, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки 20

Контакты телефоны: 8 (7222) 42-15-97

Электрондық мекен-жайы :student070707@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»КММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 02.03-10.03.2023 жылға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. 


Лауазымдық міндеттері: 

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      65. Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика мен психология;

      пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      66. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

      67. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:

      ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;

      білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Лучший педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;

      тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса);

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Лучший педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса);

      республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру;

      республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса).


Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

            Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

            Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.


Информациятың дәлдігі үшін:

Мекенжай:Абай облысы,  Семей қаласы,   Глинки 20

Контакты телефоны: 8 (7222) 42-15-97

Электрондық мекенжай : student070707@mail.ru







Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымдарға тағайындау,
 лауазымдардан босату
 қағидаларына
 5-қосымша



Нысан


___________________________
 конкурс жариялаған мемлекеттік
 орган




      ________________________________________________________________

      Кандидаттың Т. А. Ә, (бар болса), ЖСН

      ________________________________________________________________

      (қызметі, жұмыс орны)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа жіберуіңізді сұраймын

      қажеттісін атап өту керек)

      ________________________________________________________________

      білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы(облыс, аудан, қала \ ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін _____________________________________

      лауазымы, Ұйымның атауы, мекен-жайы

      (облыс, аудан, қала \ ауыл)

      Сертификаттаудан өту тілі: қазақ / орыс

      керегінің астын сызу

      Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы




      Біліктілік санатының болуы (ол болған кезде берілген (расталған) күн)

      __________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін )

Осы білім беру ұйымында оның ішінде атқаратын лауазымында






      Менде келесі жұмыс нәтижелері бар: ____

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) _____________________________

      Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) менің дербес деректерімді өңдеуге келісім беремін.

      Мен сертификаттаудан өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың біреуін пайдалануға тырысқаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасала отырып, алып тастау туралы хабардар етемін.

      Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге сертификаттаудан өту құқығынан айырылатыныма хабарланды.

      Сертификаттау кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ өту мерзіміне қарамастан, бейнежазбаны қарау кезінде табылған акт жасалып, нәтижелердің күші жойылатыны хабарланды.

      Тыйым салынған заттар:

      ұялы байланыс құралдары (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), iPhone (iPhone), SmartPhone (Смартфон), смарт сағат);

      Ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);

      радиоэлектрондық байланыстың кез-келген түрі (Wi-Fi (Wi-Fi), Bluetooth (Bluetooth), Dect (DECT), 3G (3 G), 4G( 4 G), 5G (5 G);

      құлаққаптар сымды және сымсыз және т б;

      шпаргалкалар және оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      калькуляторлар және түзету сұйықтықтары.

      Мен келісемін ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      Сертификаттау және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым

      "____" ______________20___жыл ____________________ /қолы/





























Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату
 Қағидаларына
 11-қосымша



Нысан




Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары
 (1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл
 Жоғары күндізгі = 2 балл
 Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
 Магистр = 5 балл
 Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
 Ғылыми доктор = 10 балл
 Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл
 Бірінші санат = 2 балл
 Жоғары санат = 3 балл
 Педагог-модератор = 3 балл
 Педагог-сарапшы = 5 балл
 Педагог-зерттеуші = 7 балл
 Педагог-шебер = 10 балл

5.

Администрация және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
 Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
 директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл
 "жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
 Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
 - дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
 - мемлекеттік награда

1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
 ғылыми жобалардың = 1 балл
 2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Лучший педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
 "Лучший педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
 "Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

МОН РК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
 РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
 БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл
 ӘБ басшылығы = 2 балл
 Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
 шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
 үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

пәндікдайындықсертификаттары;
 - 
цифрлықсауаттылық,
 
КАЗТЕСТ,
 IELTS;
 TOEFL;
 DELF 
сертификаттары;
 Goethe Zertifikat, "Python 
тіліндебағдарламалаунегіздеріпрограммаларыбойыншаоқыту, "Microsoft"
 
Курсеражұмыстарынаоқыту
 
Халықаралықкурстар:
 TEFL Cambridge
 "CELTA
 (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
 CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
 DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
 CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
 "TKT
 Teaching Knowledge Test"
 Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
 Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
 "TESOL"
 Certificate in teaching English for young learners
 International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
 IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
 Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
 Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
 Online Teaching for Educators: Development and Delivery
 Educational Management
 Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
 
Курсынаплатформе Coursera, Futute learn
 Teaching Mathematics with Technology
 Special Educational Needs
 "Developing expertise in teaching chemistry "

ПШОНЗМ, "Өрлеукурстары
 = 0,5 
балл
 
ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығынасәйкестізбегеенгізілгенбіліктіліктіарттыруұйымдарыіскеасыратынбілімберусаласындағыуәкілеттіорганменкелісілгенбағдарламаларбойыншабіліктіліктіарттырукурстары (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеутізілімінде № 30068 болыптіркелген)
 = 0,5 
балл (әрқайсысыбойыншажеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы:




Похожие публикации: