Информация » Страница 14 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Жас маман-жаңа қадам» атты жас мамандар аптылығының аясында 6 «А» сыныбында «Авторлық құқық, плагиат ұғымдары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
15
апрель
2026
«Жас маман-жаңа қадам» атты жас мамандар аптылығының аясында 6 «А»
«Жас маман-жаңа қадам» атты жас мамандар аптылығының аясында 6 «А» сыныбында «Авторлық құқық, плагиат ұғымдары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты бөлімнен бөлімге жылдам көшуді ұйымдастыруды үйрету, мәтіндік редакторда гиперсілтемелерді қалай ұйымдастыру керектігін түсіндіру. Авторлық құқық плагиат ұғымдарын түсіну. Өткізген: Информатика пәні мұғалімі Мұхамедиярова Аружан Дәуренқызы
Бүгін мектебімізде оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау мақсатында "Lyceum Quiz" атты қызықты сайыс өтті
15
апрель
2026
Бүгін мектебімізде оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау мақсатында
Бүгін мектебімізде оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау мақсатында "Lyceum Quiz" атты қызықты сайыс өтті! 🧠✨ Ойынның негізгі мақсаты — оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, жан-жақты білімдерін тексеру және сынып арасындағы ауызбіршілікті арттыру. Қарсыластар арасындағы тартыс өте қызу әрі қызықты болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз: 🏆 1-орын: 6 "Ә" сыныбы 🥈 2-орын: 6 "А" сыныбы 🥉 3-орын: 5 "А" сыныбы Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Білім биігінен көріне беріңіздер! 🎓🔥 #өзінөзібасқаруұйымы
«Жас маман – жас қадам» атты апталығы аясында “Smart Time” интеллектуалдық сайысы өтті.
15
апрель
2026
«Жас маман – жас қадам» атты апталығы аясында “Smart Time”
14.04.2026 күні Жас мамандардың «Жас маман – жас қадам» атты апталығы аясында “Smart Time” интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа 7 сынып оқушылары қатысып өзара мықтыны анықтады. Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, белсенділік танытты. Әр кезең ерекше қызығушылықпен өтіп, тартысты әрі көңілді атмосфера қалыптасты. Өткізген педагог- профориентолог: Саматұлы Талант
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті
15
апрель
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады. Арнайы келген құрметті қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы құнды мағлұматтар ұсынды.
Экологиялық мәдениет пен білім беру, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу бағытында 5 модуль бойынша эко-сағат өткізді.
15
апрель
2026
Экологиялық мәдениет пен білім беру, қалдықтарды бөлек жинауды
Тоқанова Ақмарал Маратқызы оқытушы, Сағымхан Жайдар Экологиялық мәдениет пен білім беру, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу бағытында 5 модуль бойынша эко-сағат өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың экологиялық сауаттылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мінез-құлықты өзгертуге дайындықтарын қалыптастыру. Атап айтқанда, саналы тұтыну, қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және экологиялық бастамаларға қатысу дағдыларын
11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап, пойыздан күтіп алдық.
14
апрель
2026
11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап,
Бүгін ерекше қуанышты күн болды! 🎉 11"Ә" сынып оқушымыз Аманов Ернұрды үлкен жетістігімен құттықтап, пойыздан күтіп алдық. 🚆👏 Ернұр – еңбектің, табандылықтың және мақсатқа деген сенімнің жарқын үлгісі. Біз сенің жетістігіңмен мақтанамыз! 🌟 Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете бер! 💫 Саған тек сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз! 11"Ә" сыныбы 💙