20
апрель
2026
5 «Ә» сыныбында «DOSBOlike – буллингке қарсылық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

20 сәуір күні мектебіміздің 5 «Ә» сыныбында «DOSBOlike – буллингке қарсылық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатын машықкер Кабидоллаев Ерасыл өткізді. Сабақ барысында оқушылар буллингтің не екенін түсініп, оның түрлері мен зардаптары туралы пікір алмасты. Достық, сыйластық және бір-біріне қолдау көрсету туралы ойларын білдірді.
Іс-шарада түрлі тапсырмалар мен жағдаяттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты.
Мақсат – оқушылар арасында құрмет пен қауіпсіз ортаны қалыптастыру
