


01.12.2025ж. 8 «А» сыныбында «Бірлік және ынтымақ айы» құндылық негізінде «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: қоғамдық мүлік деген не екенін түсінеді; қоғамға ортақ заттардың мысалдарын атайды (мектеп мүлкі, аялдама, ойын алаңы, кітапхана кітаптары); оларды қорғаудың маңызды екенін түсінеді; қарапайым жағдаяттар арқылы дұрыс әрекетті таңдайды. 10 минуттық «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет» қауіпсіздік сабағында интернетте пайдалы мазмұнды пайдалану дағдыларын дамыту туралы айтылып, білім алушылардың онлайн-контентті қауіпсіз пайдалану дағдыларын жайлы әңгімеленді. Апта дәйек сөзі: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар». (Мұхтар Әуезов)
Сынып жетекшісі: Габдуллина А.А.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Семей