Қарттар күніне арналған іс-шара » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 42-15-97
Бухгалтерия
+7(7222) 32-88-44
Версия для
слабовидящих
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
29
сентябрь
2023

Қарттар күніне арналған іс-шара









ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН-ЕЛ АРДАҚТЫ


Бүгін қыркүйек айының 29-і Семей қаласы №22 мектеп-лицейінде “Қарттарын қадірлеген-ел ардақты” атты қарт ұстаздарға арналған 6 «А», «Ә», «В», «Б» сынып оқушылары дайындаған  мерекелік кеші өтті.
   Абыз ақсақалдарымыз бен аяулы аналарымызға, қадірлі ұстаздарымызға жылы көңіл-күймен қатар жан рақаттарын сыйлаған өнерпаз оқушыларымызға өнердің өрінде, жақсылықтың төрінде жүріңдер дегіміз келеді.
   Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарғы  қасиеттерінің бірі болып саналады. Қазақ халқының әдет-ғұрпында, наным-сенімінде үлкенді сыйлау құрмет көрсету қанымызда бар тектіліктің озық үлгісі екенін сезінуіміз қажет!
   Үлкендеріміздің бір ауыз рақметі мен сәл ғана жымия риза болған нұрлы жүздерін көрудің өзі бір бақыт.
   Қадірлі де қасиетті қара нарларымыз, ақылдың кеніштері, ақылман-ақылшы қарттарымыз аман болсын, қарттарымызбен амандықта жыл сайын қауышатын тыныш заман болсын!
   Ұйымдастырушылар 6 сынып  жеткешілері: Ақжол Қадылбекұлы, Мукашева Айгуль Балғабекқызы, Жумабекова Бұлбұл Талғатқызы, Габдуллина Айман Амангалиевна.

Похожие публикации: